Маркетплейстер қазақстандықтарға суық қаруды сатуды тоқтатады
Елде суық қаруды заңсыз алып жүру бойынша қылмыстық оқиғалардың саны артқан, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен ағымдағы жылы әуежай мен вокзалдарда тыйым салынған заттарды тасымалдағаны үшін 116 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аталған істерді тергеу барысында суық қарулардың интернет сауда алаңдарынан сатып алынғаны белгілі болды. Тыйым салынған заттардың ішінде пышақтар, кастеттер мен басқа да қару түрлері бар. Алайда, азаматтардың көбі өз әрекеттерінің заңға қарама-қайшы екендігінен бейхабар. Құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін еліміздің Бас көлік прокуратурасы, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Көліктегі полиция департаменті халықаралық маркетплейстермен меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес танымал сауда алаңдары тыйым салынған тауарлардың заңсыз жарнамасы мен сатылымын анықтап, бұғаттау бойынша шаралар қабылдайды.
Абзал Бақашбаев, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі:
- Осы тыйым салынған заттарды тасымалдау деректері жиі вокзалдар мен әуежайларда тексеру кезінде анықталуда. Бас көлік прокуратурасы еліміздің тұрғындарын жоғарыда аталған тыйым салынған заттарды тасымалдау Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.