Оралда тұрмыстық қалдықтар полигоны залалсыздандырылады
Оралда тұрмыстық қалдықтар полигоны залалсыздандырылатын болды, деп хабарлайды 24kz.
Қалпына келтіру жұмыстарына 12 млрд теңге жұмсалады. Жоба тиісті мемлекеттік сараптамадан өтті. Жұмыстар 3 жылға созылады. Жоспарға сәйкес бірінші кезеңде полигон аймағында жиналып қалған газ залалсыздандырылады. Қазір аумағы 35 гектар болған ескі полигондағы реусрстар толық сарқылған. Жарты ғасыр ішінде ол жерде 2 млн текше метр қоқыс толған. Бұдан бөлек, қалада тұрмыстық қалдықтар жинайтын жаңа полигон салынады. Оған қажетті жер телімі белгіленді.
Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:
- Жаңа полигон Белес кентіне қарай 7-8 шақырым қашықта Бәйтерек ауданымен шекаралас жерде салынады. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатырмыз. Келер жылы сараптамадан өтеді. Жобаның құны 20 млрд теңгеге баруы мүмкін.