Жамбыл облысында газ саласының үздік қызметкерлері анықталды
Республикалық «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауына 100-ге жуық маман қытысты, деп хабарлайды 24kz.
Барлығы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының қызметкерлері. Олар екі күнге жалғасқан жарыста кіл мықтыны анықтады.
Дәстүрге айналған шеберлік байқауы биыл Жамбыл облысында өтті. Сайысқа өз өңіріндегі іріктеу сынында үздік болған қызметкерлер жолдама алған. Қатысушылар ұңғымаларды күрделу жөндеу, газ құбырын дәнекерлеу, шұғыл дәрігерлік көмек көрсету сынды 13 аталым бойынша жарысты.
Азамат Давлетов, «Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық директоры:
- Бұл секілді конкурстар бір жағынан жұмысшыларға мотивация берсе, екінші жағынан мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Жарысқа газ саласының ең мықты мамандары жиналды деп айтуға болады. Олар алдағы уақытта «QazaqGaz»-дың абыройын көтеріп, газ саласына елеулі үлес қосарына сенімдімін.
Қатысушылар арасында тәжірибесі 25 жылдан асқан қызметкерлер мен жасы 25-ке енді толған жас мамандар да бар. Солардың бірі – Ақтөбе облысынан келген Дабыл Әтенов. Ол 4 жылдық тәжірибесіне қарамастан «Газ тарату станциясының операторы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Дабыл Әтенов, «Ақтөбе» магистральдық газ құбырлары басқармасының операторы:
- 10 қатысушы болды менің өзімнің мамандығым бойынша. Солардың арасынан бірінші орын алу бұйырды. Ол әрине, көптеген дайындықтар және жылу желілерінде жиналған тәжірибелер арқасында. Бұйырған нәрсе. Компаниямыздың басшылықтарына рақмет айтамын.
Ғалымжан Сағынтаев, «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасының директоры:
- Үздіктердің үздігі біздің «Интергазда» жұмыс жасайды. Жаздың аптап ыстығына қыстың боранына қарамастан, осындай елдің әлеуметін арттыруға газбен қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салып жүрген осы біздің жұмысшы мамандарымыз. Сондықтан жұмысшыларымызға рақметімізді, алғысымызды айтамыз.
Байқау қорытындысы бойынша командалық есепте «Шымкент магистралді газ құбыры басқармасының» құрамасы үздік атанды. Үздік үштіктен көрінген мамандарға дирлом табысталды. Енді олардың жалақысына бір жыл бойы үстеме қаржы төленеді.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байділдә