Қонаевтағы құтқару жасағы биыл 34 адамды судан құтқарған
Қонаевтағы құтқару жасағы жыл басынан бері Қапшағайда суға батқан 34 адамды құтқарып қалған.
Қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметте жастар көп. Жұмысқа тұрғанына көп болмаса да бірнеше адамның өмірін ажалдан арашалап қалған жас құтқарушы.
Алматы облысындағы Балқаш ауданының Береке ауылында туып-өскен Әділет Қыранбай Қонаев желел құтқару жасағында 4 жылдан бері еңбек етеді. Ол осы уақыт ішінде Қапшағай су қоймасына батып жатқан бірнеше адамды ажалдың тырнағынан арашалап қалды. Академик Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде электронды құрал-жабдықтар мамандығы бойынша оқып, білім алған.
Әділет құтқарушы болуды бала күнінен армандаған.
Әділет Қыранбай, жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Жұмысқа кіргелі құтқарған адамдарымның саны өте кеп. Оның жазылғаны бар, жазылмай қалғандары бар. Оның есте қалғаны жағадан 400-500 метр жүзіп, бір бірімен жарысып 3 бала, сол кезде дер кезінде көріп қалып, құтқарып алдық екі баланы. Шаршап қалған уже артқа қарай қайта алмайды, аяқ-қолдары талып, артқа қайтарға демі қалмаған. Сол жерде батып бара жатқан жерінен құтқарып қалдық.
Әділет Қыранбай матраспен жүзіп жүрген бір топ баланы дауыл тұрып, толқын алып кеткенін дер кезінде байқап, оларды құтқару операциясына да белсенді қатысты.
Жас құтқарушы жақында шаңырақ көтеріп, үйлі болды. Әріптестерінің арасында абыройлы әрі жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танылғандықтан, басшылары оны жас та болса, бас құтқарушы етіп тағайындады.
Жандос Құмарбеков, жедел құтқару жасағының басшысы:
- Жұмыс барысы ретінде өте беделді және жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсетті. Қазіргі таңда ол көптеген құтқару операцияларына қатысқан болатын. Соңғы жаңағы су апаты кезінде де Атырау облысында қызметін атқарып келген. Барлық әріптестерімді, құтқарушы қызметкерлерін 19 қазан күнгі мерекесімен құттықтаймын!
Құтқарушыларды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне үкімет тарапынан ұдайы көңіл бөлінеді. Қонаев құтқару жасағына биыл 4 бірлік жаңа автокөлік берілді. Олар альпинистік және сүңгуірлерге арналған құрал-жабдықтармен де толық қамтамасыз етілген. Қонаев құтқару жасағының қызметкерлері жыл басынан бері Қапшағай су қоймасында суға батқан 34 адамды құтұқарып қалды.
Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов