Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды. 

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Қарулы күштердің Әскери-тарихи музей қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр бабамыздың жауынгерлік жолының картасын жасап шығарды. Құнды дүние зерттеушілер, студенттер мен оқушылар үшін пайдалы болары сөзсіз. Жауынгерлік жол картасы,. мұражайда арнайы ашылған көрмеге қойылды.

Ақмола облысының тумасы Рақымжан Қошқарбаев 18 жасында Көкшетауда әскер қатарына алынып, сол жерден Фрунзе училищесіне жіберіледі. Бұл - сұрапыл соғыс жылдары еді. Кіші лейтенант жүздеген жас жауынгермен сап түзеп майдан даласына аттанады. Алдымен Украина жерін, кейін Польша астанасын азат ету операцияларына қатысады. Одан соң неміс фашистерінің соғыс оты қайнаған ошақ - Берлин шекарасына жетеді. Тарих құжаттарында қызыл әріппен жазылған бұл шешуші шайқастардың енді хронологиясы айқын. Әскери музей қызметкерлері Рақымжан Қошқарбаевтың жауынгерлік жолының картасын әзірледі. 

Дәулет Қадыров, ҚР Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінің бастығы:

- Біздің музей қызметкерлерімен жасалып шыққан Р.Қ жауынгерлік жолы көрсетілген карта келешекте зерттеушілерге, оқушыларға, студенттерге батыр тұлғаны зерттеу кезінде үлкен көмек береді деп білеміз. Себебі бұл картада үлкен ақпарат шағындалып берілген. Дәл осы картаны жасау барысында музейдің ғылыми қызметкелері көптеген архивтермен жұмыс жасаған болатын және де осы ауқымды жұмыстың еңбегі осы картада көрсетілген.

Саналы ғұмырын Отан алдындағы адал қызметке арнаған офицер, бүгінде отставкадағы генарал-майор Марат Серәліұлы жас ұрпақ батырларымыздың ерлігін білуі керек, - дейді.

Рақымжан Қошқарбаев қызыл әскердегі үзеңгілесі Григорий Булатовпен бірге адам нанғысыз жанкештілігі үшін мәңгі есте қалды. Олар әр сантиметрінен оқ жауған Берлиннің қақ ортасында 360 метр жерді 7 сағат еңбектеп жүріп өтіп, Рейхстагқа жеңіс туын көтерді. Ол кезде батыр жауынгеріміз 21 жаста еді.  

Марат Нағұманов, Қарулы Күштер ардагерлері төрағасының орынбасары, генерал-майор:

- Егеменді ел болғаннан кейін тарихшылар зор еңбек жасап жатыр ғой. Сол бұрынғы архивте қалған документтердің ішінде жазылған Р.Қ Г.Б екеуі туды бірінші тіккені жазылған. Но барлық совет үкіметінде халық білетін Егоров пен Қантария туды тікті деп. Енді тарихшылар әрқашанда анықтайды ғой. Сондықтан ойлаймын әділеттік жеңді деп. Біздің атамыз Р.Қ тарихта, Совет үкіметінің, Қазақстан тарихында  өзінің орнын алды деп. Батыр бабаларымызды өзінің өмірін біз үшін қиған, кеудесін жаудың оғына төсеген бабаларымызды біз ешқашан ұмытуға тиіс емеспіз.

Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұлықтау елордадағы 44-мектеп үшін зор мәртебе. Себебі, білім ошағына биылдан бастап даңқты батырдың есімі берілді. Айтулы оқиға мектеп өміріне патриоттық рухтағы тәрбиенің жаңа лебін әкелді. 

Ләззат Құлтаева, Р. Қошқарбаев атындағы №44 мектеп директоры:

- Барлық сыныптарда соғыс ардагерлері оқушыларымызға дәріс сабақтарын өткізіп бүгінгі күннің ер азаматы қандай болу керек, оқушыларымыз бойларында отанды сүю барысында қандай қасиеттер бойларында болу керек, қандай адамгершілік, елін сүйген оқушылар қандай болу керек деген тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.

Мектепте халық қаһарманының құрметіне мемориалды тақта орнатылып, әскери сынып ашылған. Жауынгердің есімі жазылған эмблема мен оқушылар формасы арнайы әзірленіпті.

1-ОҚУШЫ: (Асланбек, айта қойшы Р.Қ атындағы мектепте білім алу сен үшін несімен ерекше?) Бұл мектептің маған деген ерекшелігі өте көп. Себебі біздің мектептің миссиясы адамзаттың құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. (Сыныптастарың қандай?) Менің сыныптастарым тәртіпті ақылды жәнеде өте бауырмал. Біз олармен жақсы араласамыз.

2-ОҚУШЫ: Ол ең сұрапыл соғыстың нүктесін қойған халық қаһарманы, ол өте мықты және өзінің солдаттарын басқара біледі. 

«Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 45-жылдың 30 сәуірінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен болатын. Ол осы ерлігі арқылы сұрапыл соғысқа нүкте қойды». Мектептің кіреберісіндегі үлкен қабырғаға дәл осы сөздер жазылыпты. Оны әрбір оқушы санаға сіңіріп, жатқа айтып жүргеніне куә болдық.

Рухани Асқар, Қанат Махмұтов, Өрден Жарқын