«Менің елім – менің туым» акциясы жалғасып жатыр
Елде «Аманат» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының бастауымен «Менің елім – менің туым» атты акция өтіп жатыр.
Патриоттық шара Республика күніне орайластырылған. Оған Жастар рухының белсенділері ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен азаматтар қатысады. Олар көк туымызды үйлердің терезелеріне, балкондарда ілді. Белсенділер ел бойынша тағы 10 мың туды желбіретуді көздеп отыр.
Інжу Баушүкенова, «Жастар рухы» аумақтық-ұйымдастыру жұмысы басқармасының жетекшісі:
- Бұл шара осымен үшінші жыл қатарынан Республика күні қарсаңында ұлттық бірлікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Іс-шаралар жоспарында түрлі бағыттағы акциялар, әлеум.желілерде челленджер ұйымдастырылатын болады.