Қонаевта жас патриоттар академиясының форумы басталды

Еліміздің оқу-ағарту және қорғаныс миниситрлігінің ұйымдастыруымен Алматы облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстандық «Жас патриоттар академиясының» IV республикалық форумы басталды.

Биылғы жиын «Патриотизм – біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі арқауы» тақырыбына арналды. Қапшағай су қоймасының жағасында өтіп жатқан форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық қатысушы барды. 2016 жылы құрылған Қазақстандық «Жас патриоттар академиясы» мүшелерінің саны бүгінде 3500-ге жетті. Жиын барысында өз қатарластары арасында ерлігімен көзге түскен 50 жас жеткіншекке аталған қоғамдық бірлестіктің куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді. «Форумның мақсаты – Қазақстанның жас  патриоттарын тәрбиелеу, сол арқылы елімізде патриотизм рухында тәрбиеленген жас ұрпақтың элитасын қалыптастыру», – дейді ұйымдастырушылар.

Ділдаш Битуова "Жас патриоттар академиясы" ҚБ төрайымы:

- Ол енді «Біртұтас тәрбие» бағдарлама қабылданды, кітабы шықты. Ол жұмыс істемейді ғой өзі кітапты шығарып қойып, құры қабылдағаннан. Сондықтан сол енді семинар, басқалар өтіп жатыр. Бірақ балалардан, мектептен бастайық. Негізгі біртұтас тәрбиенің түбінде патриоттар, отанды сүйетін, қоғамға қызмет ететін керемет азаматтар дайындау ғой мақсат.