Абай облысында үздік орманшылар марапатталды

Орман шаруашылығы қызметкерлері күні «Семей орманы» табиғи орман резерватында атап өтілді, деп хабарлайды 24kz.

Салтанатты жиында қарағайлы орманды сақтау мен қалыпқа кетіруде ерен еңбегімен танылған үздік қызметкерлер марапатталды. Қазір, қызыл жалын шарпыған 63 мың гектардан астам аумақты тазарту жалғасуда. Өткен жылдан бері «Семей орманында» қолданыстағы техниканың 20%-і жаңартылған. Өртті алдын ала анықтайтын заманауи құрылғылармен қамтылды. Білікті мамандардың қатары да артып келеді.

Жұмағали Сағадиев, ардагер орманшы:

- Мемлекет өткен жылдан бастап біздің резарватты дамытуға үлкен қолдау білдіріп жатыр. Қазір орманды өсіру мен қорғауға қажет заманауи техниканың түр-түрі бар. Орманшылардың еңбек ақысы да еселеп артты. Бұл жас кадрлардың көбеюі мен қарағайлы орманды қорғау ісін ширата түсуге көп септігін тигізеді деп санаймын.