Ақтөбе облысындағы балабақшаларда ₸240 млн жымқырылған

Ақтөбе облысындағы балабақшалардың кейбірі бюджет қаражатын заңсыз талан-таражға салған, деп хабарлайды 24KZ. Хромтау мен Мұғалжар аудандарының прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады.

Қаржыны басшылар мен жұмысшыларға қосымша сыйақы берерде өсіріп көрсеткен. Әрі жалған іссапарлар тіркеп отырған. Тіпті есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы 24 млн теңгеден астам ақшаны иемденген. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.