Қазақстан мен Ресей киберқылмысқа қарсы күш біріктірді
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері киберқылмысқа қарсы күш біріктіруге келісті, деп хабарлайды 24KZ. Екі елдің ведомства басшылары Мәскеуде кездесіп, ынтымақтастық жайын талқылады. Әсіресе интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Отырысқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері де қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша министрлер бірлескен шешімге қол қойып, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды айқындады.