Бұқтырма су қоймасымен өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған. Аймақ халқы 50 жыл бойы жазда пароммен, қыста мұз үстімен қатынап келген болатын. Ұзындығы 1316 метр көпір Шығыс Қазақстан облысындағы алты ауданды байланыстырады. Олар Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандары. Құрылым тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды.

«Жоба озық инженерлік технологиялармен және барлық сапа стандарттарына сәйкес жасалды», - деді көлік министрі Марат Қарабаев.