Атырау – Астрахань күре жолының 140 шақырымы пайдалануға берілді

Атырау – Астрахан автомагистралінің 140 шақырымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын күре жол Атырау қаласы мен үш ауданның 12 елді мекенін Ресей шекарасымен байланыстырады.

Жолшылар: «Алғашқы аяз түскенге дейін қалған 132 шақырым жолдың беткі қабатын төсейміз», - деп отыр. Жолда 6 автомобиль көпірі, 60 су өткізу құбыры салынған. Осы заманғы озық технологияға негізделген жол құрылысы қатаң бақылауда. «Сапа» орталығы құрылыс басталғалы 500-ге жуық тексеріс ұйымдастырып, екі мыңдай құрылыс материалынан сынама алған.

Болатбек Айтбаев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры:

- Жұмыс барысында, жалпы айтқанда, 9%-ке дейін кейбір материалдар, төсемдердің жеке учаскелері техникалық талаптарға сәйкес келмейтін болған. Бірақ мердігер өз есебінен заңбұзушылықтары қалпына келтіріп, бүгінгі күнде жол сапасы талаптарға сәйкес келеді.