БҚО-ның шалғай аудандарында жанармай тапшы

Батыс Қазақстан облысында сұйытылған газдан бөлек, жанармай да тапшы, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, Жәнібек пен Бөкей Ордасы аудандарында бензин жетіспейді. Қазір тұрғындар шекара асып, бензин-солярканы іргедегі Ресей ауылдарынан тасымалдауға мәжбүр. Облыстық энергетика басқармасындағылардың айтуынша, бұл – уақытша құбылыс.

«Жөндеу жұмыстарына жабылған Атырау мұнай өңдеу зауыты 25 қазанда іске қосылады. Сол кезде нарықтағы жағдай реттеледі», - дейді олар.

Жасұлан Басиров, Жәнібек ауданының тұрғыны:

- Бензин жоқ. Төрт күн болды ғой. Проблема шешілуі керек қой. Біз жүре алмай қалдық. Екі-үш күн машиналарды тоқтатып қойдық. Такси қымбаттап кетті. Ресейден әкеліп жатыр, 300 бірдемеден сатып жатыр. Казталовкадан әкеліп 250 теңгеден сатып жатыр. Ең болмаса, газ болмаса да, бензин болуы керек қой.

Мирас Мүлкай, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Енді ол деген үш-төрт күннің сұрағы. Газ тапшылығы да. Қарасаңыз, күніне 120 тонна беріп жатырмыз. Әрине, кезек бар. Бірақ та ол уақытша жағдай 25-әне дейін. 25-әне дейін де ол сұрақтар шешіледі.