Астанада жастар жиі жүретін жерлерден есірткі жарнамасы жойылды
Байқоңыр аудандық полиция департаменті мен Жастар саясаты басқармасы бірлесіп, қала аумағында рейд жасады деп хабарлайды 24kz.
Белсенділер тобы тәртіп сақшыларымен бірге көпірлердің асты мен саябақтарды аралап, есірткіні жарнамалаған граффити жазбаны жойды. Жыл басынан бері Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері осы сынды 500-ге жуық жарнаманы сырлады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілген шара нашақорлық пен вандализммен күреске бағытталған.
Еске салайық, граффити жазуларды қалдырғандар мен есірткі сату туралы мәліметтерді интернетте таратқандарға үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Рахымжан Құлжанов, Байқоңыр ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары:
- Наркограффити бойынша 134 мекенжайдан анықталды. Соларды мына Байқоңыр ауданы әкімдігімен және Астана жастары волонтерлерімен бірге көзін жойып, жұмыстар атқарып жатыр. Әр тіркелген жазбалар регистрация жасалып, қылмыстық іс қозалады. Сосын әрі қарай тергеу жұмыстары жүргізіледі.