Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандар салынады
Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік нысандар салынады.
Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асады. Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешені және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңге сомаға музыка мектебі бой көтереді. Сонымен қатар, Ақмола облысының Зеренді ауылында 80 адамды қабылдайтын спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Ал Түркістан облысының Темірлан аулында 300 орындық жаңа өнер мектебі ашылады. Аталған нысандар мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынады. Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қорда 177 млрд теңге жинақталған.
Олжас Болатхан, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары:
- Осы жұмыс аясында арнайы қор құрылған. Осы қордың аясында біздің Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде балалар мектебінің құрылысы жобасы әзірленген. Жобалық құны 9,3 млн теңге. Сараптаманың оң қорытындысын алған. Біздің аудан тұрғындары үшін өте қуанышты жағдай.