Электр қуаты өндірісіндегі жасыл энергия үлесі

Елімізде электр қуаты өндірісіндегі жасыл энергияның үлесі соңғы бір жылда 18 пайызға өсті.

Биыл тоғыз айда мұндай қуат көздерінен өндірілген энергия 5  млн 783 мың кВт/сағатқа жуықтады. Оның ішінде жел электр станциялары – 3 млн 225 мың, био электр станциялары 560 мың, күн электр станциялары 1 млн 613 мың, ал шағын гидроэлектр станциялары 944 млн 400 мың кВт/сағатқа жуық  энергия өндірген. Жалпы, Қазақстандағы электр қуаты өндірісінің 7 пайызға жуығын жасыл энергия көздері құрайды.