1500 сарбаз студент атанды
Мың жарым сарбаз еліміздегі жоғарғы оқу орындарында енді тегін оқиды.
Бүгін Қорғаныс министрлігі олардың тізімін жариялады. Конкурсқа былтыр өңір-өңірден күзгі әскерге шақыртылған 17 927 сарбаз қатысқан. Оның ішінде Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 үміткер ниет білдірген. Дегенмен, үлгірімі мен тәртібі ең үздік делінген 1500-іне ғана мемлекеттік грант сертификаты табысталды. Толық тізімді қорғаныс министрлігінің сайтынан көріп, танысуға болады.
грант 1 500
үміткер 17 927
Қорғаныс министрлігі 8 169
Ұлттық ұлан 6 441
Төтенше жағдайлар министрлігі 315
Шекара қызметі 2 715
Мемлекеттік күзет қызметі 287