Қытай азаматы ірі көлемде ақбөкен мүйізімен ұсталды
Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Операцияны криминалдық полицияның «Киберпол» қызметкерлері жүргізген.
58 жастағы ҚХР азаматы тұратын үйді тінту кезінде киік мүйізі салынған 50 қорап табылған. Күдікті оларды Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне жеткізуді жоспарлаған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ полиция ақбөкен мүйіздерін сату арнасын анықтауға кірісті.