Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам Мемлекеттік ту ілінеді
Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ғимаратына көлемі 24 те 12 метрді құрайтын Мемлекеттік ту ілінді, деп хабарлайды 24KZ. Осы арқылы қала тұрғындары мен қонақтарының бойында патриоттық рухты ояту көзделген.
«Жастар Рухы» жастар қанаты үш жылдан бері Мемлекеттік туды насихаттауға бағытталған «Менің елім – менің Туым» акциясын өткізіп келеді. Оның аясында ел бойынша 10 мыңнан астам Мемлекеттік ту ілінеді.
Ақерке Ескендірова, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Осы Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппаратының ғимаратында еліміздегі ең үлкен ту алғаш рет ғимаратқа ілініп жатыр. Дәл осы ту еліміз үшін маңызды матчтарда, еліміз үшін маңызды мәдени оқиғаларда, жақында, мысалы, Көшпенділер ойыны аясында Димаш Құдайбергеннің концертінде желбіреген ту енді осы елордамыздың ортасында ғимаратта тұрғындарға патриоттық сезімді беріп тұрады.