АХҚО соты мен арбитраж орталығында 3 мыңнан астам іс қаралды

Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығы 2018 жылдың 1 қаңтарында құрылған. Ол – халықаралық стандарттағы бірнеше дәрежелі, тәуелсіз, бейтарап сот. Жаһандық деңгейдегі инвесторлар мен компаниялардың даулы мәселелерін шешуге бағытталған институт. Ал енді соттың негізгі күші – судья. Олар осы уақытқа дейін қанша іс қарады?

Астана халықаралық қаржы мен Халықаралық арбитраж орталықтары құырлғалы бері 3 мыңнан астам іс қаралып, қос тарап шешімдерге қанағаттанған. Шағымдардың қатарында 29 елдің инвесторы мен 600-ден астам адвокат тұр.

АХҚО соты мен арбитражды орталық:

- 3330 іс қаралды;

- 29 елдің компаниялары жүгінді;

- 618 адвокат қатысты.

Бұл тұста Астана халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі, аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холттың сұхбаты бар.

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО және ХТО сотының тіркеушісі және аппарат басшысы:

- Әртүрлі келісімшарттар бойынша немесе түрлі коммерциялық тұрғыдан туындайтын дау-дамайлар. Міне, Астана халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстан мен 29 елдің инвесторлары арасында осындай сипаттағы өзара түсініспеушілікті реттейді. Кей компания қаржы орталығы арқылы қызметін іске асырады. Қаржы орталығында тіркелмегендері де түрлі даудың түйінін шешу үшін бізге жүгінеді.

Мәселен, Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралаық арбитражды орталық – бұл тәуелсіз институттар. Олардың шешімі ешқандай талқылауға, не болмаса аппеляцияға жатпайды. Мәселен, арбитражды орталықта тараптардың таңдау құқығы бар. Яғни, олардың істерін қарайтын белгілі бір маманды таңдай алады. Ал Астана халықаралық қаржы орталығының сотының өз талаптары мен ережесі бар. Мұнда британдық, яғни ағылшын құқығы институтының мен сотының ережелері қолданылады.

Александр Коробейников, арбитражды соттың мүшесі, заңгер:

- Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық арбитражды орталығының жүктемесі көп. Биыл екеуін қоса алғанда 200-ден астам іс қаралды. Екеуінің де айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен инвесторлардың таңдау құқығы шексіз. Туындаған мәселені қос орталық бірдей шешуге қауқары бар.

Тағы айта кететін жайт, қазір Астана халықаралық қаржы орталығының соты дауларды сандық жүйеде де шешіп жүр. Істердің шамамен 90%-і бейне-конференция арқылы жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс инвесторларға ыңғайлы. Сондай-ақ уақыт үнемдеуге де септігін тигізеді.