Елордада қайырымдылық жобаларына қатысқан азаматтар марапатталды
Ассамлея мүшелері жыл басынан бері 1,3 миллиард теңгені қайырымдылыққа бөлген. Мекеме қарамағындағы «Жомарт жан» орталығы төрт жобаны қолға алған. «Қайырымдылық керуені» деп аталатын акция биыл 1 наурызда басталып, оған еліміздің барлық өңірлерінен ассамблея мүшелері, еріктілер мен қайырымды жандар қатысты.
Бүгін елордада өткен республикалық форумында осы жобаларға белсене қатысқан азаматтар марапатталды. Салтанатты жиында ерекше қажеттіліктері бар балалар өнер көрсетті.
Ақбаржан Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
- «Жомарт жан» орталығы әртүрлі акцияларды ұйымдастырып келе жатыр. Бірнеше жыл болды. Соның ішінде осы жылы су тасқыны болған кезде «Жүректен жүрекке» акциясы болды. Ол акцияда бүкіл осы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері халық болып, бір болып, 800 млн теңгеден астам ақшалай көмек көрсетілді. Сондай-ақ 1700 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді.
Шерзод Полатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
- Осы жылы біз 6,5 мың балаларға арнайы көмектерді көрсеттік. Жалпы сомалай айтатын болсақ, 260 млн ақшаға арнайы осы мектепке керекті «рюкзактар» және де керекті мектептің заттарын, құралдарын алып, біздің балаларымызға жеткіздік.