Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы 3,7 млн адамға көбейген

33 жылда Қазақстан халқының саны 23,5%-ке көбейді, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, 1991 жылы елде 16,4 млн адам болса, қазір 20 млн-нан асты. Оның ішінде тәуелсіздік жылдарында дүние есігін ашқан сәбилер мен атамекеніне оралған отандастырымыз бар. Мәселен, осы жылдары 10 млн-нан астам шақалақ өмірге келсе, 1,6 млн адам көшіп келген. Қайтыс болғандар мен қоныс аударғандарды ескерсек, өсім – 3,7 млн адам.

1991-2024 жылдары Қазақстан халқы 23,5% көбейген

1991 жылы – 16,4 млн адам

2024 жылы – 20 млн адам

туу көрсеткіші – 10,8 млн адам

көшіп келгендер – 1,6 млн адам

Ерлан Көпес, ҚР Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы:

- 2023 жылды тәуелсіздік алған жылмен салыстыратын болсақ, туу саны 10% өскен. 353 мыңнан 388 мыңға дейін. Оның ішінде айтар болсақ, ең жоғарғы көрсеткіш 2021 жылы 446 мың бала туылып, рекордтық көрсеткіш тіркеледі. Ал өлім көрсеткіші бойынша 2,7%-ке азайған. 134 мыңнан 130 мыңға дейін. Оның ең жоғары көрсеткіші сол 2021 жылы 182 мың адам болған болатын.