Биылғы табиғи өсім 118 мың адамды құрады

2050 жылға қарай елдегі әр алтыншы адамның жасы 60-тан асады. Қазір 25 пен 65 аралығындағы қазақстандықтардың саны 9,7 млн-нан асқан, деп хабарлайды 24kz.

Ал 1,8 млн адам 65-ті алқымдады. 25 жасқа дейінгі азаматтар саны 8,5 млн-нан асып, жалпы халықтың 42%-ін қамтып отыр. Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері елде 185 мың бала дүниеге келгенін хабарлайды. Табиғи өсім – 118 мың адам. Туу көрсеткіші, әсіресе, Маңғыстау, Түркістан өңірі мен Шымкент қаласында еселенді.