Абай облысындағы Аққала ауылында әуежай салынады
Аққала ауылында әуежай салынады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – Абай облысы Ақсуат ауданындағы елді мекен. Әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жеке инвестор есебінен қаржыландырылады. Қазір әуежайдың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Құрылыс орны да белгіленді. Әуежай тапсырылған кезде Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан ауданының тұрғындары Семей, Өскемен, Алматы мен Астанаға ұшақпен қатынайды. «Нысанның құрылысы өңірдің туризм саласын дамытуға да оң ықпал етеді», - дейді мамандар. Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.
Ерсін Ескендіров, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Жыл соңына дейін әуежайдың жобалық-сметалық құжаты дайын болады деп есептеп отырмыз. Наурыз айына дейін экспертизадан шығару жоспарда бар. Біздегі мына Елеке сазы бар қазір. Дора деген туристік орнымыз бар. Соның барлығына халықтың келуіне әуежай құрылысының септігі бар.