Ақтөбе облысында жол жөндеу жұмыстарын онлайн бақылауға болады
Ақтөбе облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Онда жоба әзірленгеннен бастап қолданысқа берілгенге дейінгі барлық процесті онлайн көруге болады. Жұмыс кестесі де енгізілген. Сонымен қатар аймақтағы жол құрылысының келер жылғы жоспары да сол жерде жарияланады. Қазір жүйеде облыстағы 112 жоба бойынша ақпарат бар.
Ләззат Жаманқұлова, жоба менеджері:
- Платформада мердігерлер жайында да барлық ақпарат бар. Бұрын қандай жобалармен айналысқан немесе қазіргі сәтте қандай нысандарды салып жатыр дегендей. Әрі атқарған жұмысының сапасын да көруге болады. Мердігер компанияларға рейтингтік баға қоюға да мүмкінді бар.