ШҚО-да қауіпті орындар картасын тұрғындар да толтырады
Шығыс Қазақстан облысында балалар үшін қауіпті орындардың электронды картасы толықтырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Тұрғындар қараңғы көшелер мен жолдарды, ашық құдықтарды, қараусыз құрылыс алаңдары мен ғимараттарды белгілеп сонда жүктей алады. Жинақталған мәліметтер жергілікті әкімдік пен коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Электронды картаны прокурорлар да бақылап отырады. Әсіресе, жол қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Жыл басынан бері облыс жодарында 286 бала зардап шеккен. Өңірдегі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аксана Каленованың айтуынша, бұл карта мәселені уақытылы шешіп, қауіп-қатердің алдын алады.
Аксана Каленова, ШҚО Балалар құқығы жөніндегі уәкіл:
- Әрбір тұрғын өзі байқаған қауіпті нысан туралы хабарлап, сол жердің мекенжайын қалдырса, үлкен қатердің алдын алады. Тіпті фотосуретін жіберсе болады. Әрі қарай оны жергілікті атқарушы органдар қадағалауға алады. Сол орындарды қоршап, барынша қауіпсіз етеді.