СҚО-да 6,2 млн тонна бидай жиналды

Солтүстік Қазақстан облысында да егін орағы аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті диқандар ел қамбасына 6 млн 200 мың тонна бидай құйды. Орташа түсім – әр гектардан 18 центнер шамасында. Биылғы науқан шаруалар үшін оңайға соққан жоқ. Тамыз айының соңында апталап жаңбыр жауып, жиын-терім барысы тоқтап қалған еді. Биылғы күзгі дала жұмыстарына Үкіметтен 55 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Сонымен қатар егінді кептіруге қосымша тағы 20 мың тоннасы жеткізілді. Өңірде жаңа астықты 46 элеватор қабылдап жатыр.

Жалғас Сүлейменов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Өнімнің жақсы шығуына агротехникалық шаралар оң ықпал етті. Биыл егіс алқаптарына 250 мың тонна минералды тыңайтқыш себілді. Қазір астық қабылдау орындарына 1,6 млн тонна өнім түсті. Оның жартысына жуығы үшінші санатқа жатады.