Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иелері марапатталды
Бүгін қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иелері марапатталды, деп хабарлайды 24kz.
Төс белгі конкурстық негізде елдегі игілікті істің тізгінін ұстап жүрген адамдарға табысталды. Сондай-ақ шарада қайырымдылық қызметіне қатысты түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, эксперттік пікірлер тыңдалды.
Әлішер Әли, тілші:
- Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылдан бері табыстап келеді. Биыл ілкімді шараға игілікті іс атқарған 148 адам өтінім берген, оның 30-ы бүгін тиісті төсбелгімен марапатталды. Басым бөлігі су тасқыны кезіңде ерең еңбек еткен жандар.
Андрей Короблев, кәсіпкер:
- Мен су тасқыны кезіңде Алматыдағы бөгетті нығайтуға қатыстым. Мен ғана емес, әрбір тұрғын игілікті істе бой көрсетті. Жылу жинап, Құлсарыға жібердік. Зардап шеккендерге ешкім бей-жай қараған жоқ. Жақсылақ жасау кезінде бәсекелесу керек. Қысылтаяң шақта қазақстандықтар бірігіп, көптеген мәселелерді шешті. Бұл ел бірлігінің басты көрсеткіші.
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты алған жандардың арасында мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап жүрген жандар да бар.
Тыныштық Көшербаев, «Харекет» қайырымдылық қорының мүшесі:
- Биылғы байқауға қатысушылар жалпы сомасы 39 млрд теңге қаражат көлемінде 80 мыңнан аса азаматқа көмек қолын созды.
Қазақстанда еріктілер қозғалысының өрісі кеңейіп келеді. Елде 740 волонтерлік ұйым мен мыңнан аса қайырымдылық ұйымы бар. Олар соңғы 5 жылда 100-ден аса ілкімді шара ұйымдастырып, млн-нан аса адамның алғысын алған.
Авторлары: Әлішер Әли, Артур Горшняков