Көкшетауда көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр

Көкшетауда көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды 24kz.

Жаңа нысан жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Екі қабатты ғимарат бір мезетте мың адамды қабылдай алады. Спорт кешені шаһардағы «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтеруде. Нысанның жалпы аумағы 12 мың шаршы мертге жуықтайды. Құрылыс жұмыстары келер жылдың соңында аяқталады.

Ардақ Төлендин, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бұл спорт сарайының ішінде 9 спорт түрі болады. Далада жеңіл атлетикалық алаңымыз болады. Толық футбол алаңы болады. 2 мың жанкүйер отыратын орын болады. Спорт кешенінің ішінде бокс залы, еркін күрес, грек-рим күрес залы, садақ ату залы, баскетбол, волейбол, футзал. Осындай функционалды кешен қалада жоқ. Болашақта халықаралық жарыстарды өткізуге бізге жақсы кешен салынып жатыр.