Қазақстанның заң үстемдігі әлемдік рейтингіндегі орыны белгілі болды

Қазақстан заң үстемдігі бойынша әлемдегі 145 елдің рейтингісінде 65-орнында тұр.

Еліміз осымен үшінші жыл қатарынан осы деңгейден түскен жоқ. Ал Ішкі істер министрлігі жауап беретін «қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік» бойынша рейтингінде біздің ел 43-ші орынға тұрақтады. Бұл туралы «Уорлд Джастик Проджект» халықаралық ұйымының көрсеткіштерінде жарияланды. Бұл индекс, әр мемлекеттің ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың болмауын, тәртіп мен қауіпсіздіктің сақталуын және ашық үкіметтің қамтамасыз етілуін бағалап, осындай нәтижелер шығарып отырады.

Назкен Жамаладин, ҚР Әділет министрлігі құқықтық насихат және үйлестіру департаментінің директоры:

- Бұл халықаралық ұйым әр елдегі заңгерлердің арасында сауалнама жүргізеді. Кейін олардың жауабын саралап, бағалауға көшеді. Соңынан өздерінің аналитикалық нәтижесін шығарады. Биыл біздің көрсеткіштеріміз айтарлықтай жақсарып отыр. Кейбір елдер рейтингтің соңына түсіп жатыр. Ал біз керісінше заң үстемдігі бойынша  өз көрсеткіштерімізді жақсартып отырмыз.