Қоғамдық әжетханаларға инновациялы технология енгізіліп жатыр

Шымкентте қоғамдық әжетханаларға инновациялық технологиялар енгізіле бастады.

Жоба авторлары дәретхана желісін жаппай жаңғыртып, ақылды жүйе арқылы тазалық мәдениетіне үлес қосуды жоспарлап отыр.

Келген кезде есік жабық тұрады. Ішке кіру үшін сіз арнайы қосымшаны пайдаланып, QR сканерленеді. Есік жабылған кезде ол өзімен өз күңгірттеледі. 

Қоғамдық әжетхананың жаңғыртылған түрі ақылды жүйе бойынша жұмыс істейді. Тұтынушы талаптарына жауап беру үшін әлемдік стандарттар ескерілген. Мобильді бағдарламалық қосымша арқылы әр адамның пікірі ескеріліп, бағалау тетігі қарастырылған. Жоба авторының айтуынша, әжетін өтеген адам санитарлық тораптың тазалығын сақтаса, төлемі кері қайтарылады. 

Нүркен Халықберген, жоба авторы:

- Тіркеліп 1 мың теңге саласыз. Кірген кезде сізден 200 теңге алынады. Бірақ екінші кісі кірген кезде ішінде бәрі дұрыс, тап-таза болса біз ақшаны қайтаруға тырысамыз. Бірақ сіздің артыңызда лас-қоқыс қалып қойса, сол кісі сізді төмен бағалап кетсе сіздің төленген 200 теңгеңіз бізде қалады. Біз ол ақшаға жинайтын кісілерді жалдап, ақысын алатын боламыз. 

Ал қала тұрғындары қажеттілік қысса қоғамдық әжетхана іздеп әлек болатынын айтады. Сондықтан қауіпсіздігі мен санитарлық тазалығы сақталған торапқа қашан да сұраныс жоғары,-дейді.

БЛИЦ:

- Адам жүрген жерде керек болады ғой ол нәрсе. Таза болуы керек, қауіпсіз болуы керек. Сол жағын қарастыру керек. Мен өзім құптаймын, керек деп ойлаймын.

- Ішкі келбеті көрініп тұр адам кірмейінше. Оның тазалығы көрініп тұр, әдемілігі. Мысалы болады ғой кейбір қоғамдық туалеттер базарларда немесе басқа жерлерде сол сияқты лас емес тап-таза жерлерге кіресің.

Тазалық мәдениетінің қалыптасуына инновациялық технологиялар да сеп болмақ. Осылай деген жоба авторы ақылды жүйенің артықшылықтары экологиялық тұрғыда анағұрлым тиімді екенін айтады. Сондықтан келесі жылы аймақ кәсіпкерлері бірлесіп, осындай 40 санитарлық гигиеналық торапты іске қоспақ.

Нүркен Халықберген, жоба авторы:

- Еске ремонтпен тексерсек күн сайын 3-4 рет жинау қажет болатын. Ал қазіргі сәтте апта сайын біз 1-2 рет жинасақ жеткілікті. Өйткені балалар не болса да таза әжетханаға кірген кезде оны ластамайды. Жауапкершілігін түсініп, ішкі мәдениетінде өсу байқалды.

Биыл Шымкентке 253 мыңға тарта саяхаттаушы келген. Өткен жылмен салыстырғанда 17,5 %-ке өсім байқалады. Оларға 17 бағыт ұсынылып, жол бойында 37 санитарлық торап қарастырылған. Бірақ қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының сөзінше олардың гигиеналық тазалығына сын тағылғаннан кейін субсидия беру тәртібі қарастырылмаған.

Бексұлтан Әділханов, қалалық туризм, сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда бір ғана СГТ-қа субсидия беріліп жатыр. Ал ендігі жылы біз 37-нің барлығын талапқа сәйкестендіріп, барлығына субсидия береміз деген жоспарымыз бар. Көбісі субсидия жайлы білмейді екен. Барлығын түсіндіріп айттық. Талаптарды көрсеттік.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тазалық мәдениетінің қалыптасуына оң әсер етті. Көше бойындағы күл-қоқыстар жиналып, қалың бұқара тазалыққа мән беріп, көзқарасы түзелді. Енді жоба авторлары қоғамдық әжетхана жүйесін жаппай жаңғырту арқылы тазалық - санитарлық тораптан басталатынын дәлелдемек. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов