СҚО-ның дамуына үлес қосқандарға мемлекеттік награда берілді
Петропавлда да Президент Жарлығымен өңірдің дамуына зор үлес қосқан 50 - ге жуық адам түрлі деңгейдегі мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Республика күніне арналған салтанатты жиынды облыс әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетов ашты. Өңір басшысы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, аймақтың дамуына зор үлес қосқан бір топ адамға мемлекеттік награда табыстады.
Әлия Малдыбаева, білім беру ісінің ардагері:
- Бейнет түбі зейнет деген осы шығар. Енді менің өмірім осы Қызылжардағы екі қара шаңырақ болса, соның бірі қазақ мектеп-интернаты. Сол жерде мен 45 жылдай еңбек еттім. Ұстаздың өмірімнің барлығы сол – еңбек кітапшамда бір жазу бар. Өзім 10-ға жуық қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындадым.
Президент Жарлығымен марапатталғандардың арасында ғалым, дәрігер, ұстаз, малшы, агроном, кәсіпкер секілді түрлі мамандық иесі бар. Солардың бірі Алтынбек Абдоллаев. Ол ауыл шаруашылығын зерттеу саласында еңбек етіп келеді.
Алтынбек Абдоллаев, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:
- Жылдан жылға тәжірибе де жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңның өзінде 60-тан астам шаруашылықтармен келісім-шартқа отырып, сол шаруашылықтардың басына барып, біз жаңағы осы мал қандай бағытта жүріп жатыр, осы сүтті бағыттағы ма, етті бағыттағы ма болған малдардың барлығы да қандай нәтиже беріп жатыр. Осы беріп жатқан нәтижесін әрмен қарай нығайтуымыз қажет. Ол үшінбізудің қазір мемлекетімізде, Үкіметімізде бүкіл жағдайлар жасалған.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке жалғасты. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, көпшілік қауымға естен кетпес кеш сыйлады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков