Алматыда кадр қызметкерлерінің конференциясы өтті

Алматыда өткен кадр қызметкерлерінің 3-конференциясында еңбек заңнамасындағы өзгерістер талқыланды.

Өзгерістердің бірқатары биыл, кейбірі 2025 жылдан бастап қолданысқа енеді . Мысалы, зиянды еңбек жағдайындағы жұмысшыларға қатысты заң нормаларына бірқатар түзету енгізілді. Жыл басынан бері ең төменгі жалақы мөлшерін есептеу әдісі өзегертілді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болмауы тиіс. Және оған үстеме мен сыйақы қосылады. Мамандар жаңа нормалармен жұмыс істеу жөнінде кеңес берді. Сондай ақ кадр қызметкерлері арасында алғаш рет республикалық олимпиада өтті.

Светлана Сергеенко, сарапшы:

- Өзгерістер жұмысшыларды жазатайым жағдайдан сақтандыру жүйісін де қамтыды. Ақпараттық қауіпсіздік, қызметкердің жеке мәліметін қорғауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы қазір жұмысшыдан жеке куәліктің көшірмесін қағаз түрінде сұрауға болмайды.

Әділет Жаңабаев, қалалық мансап орталығының басшысы:

- Президенттің жолдауына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Соған сәйкес, "Еңбек" порталында республика бойынша 90 мың вакансия жарияланды. Оның тең жартысы жұмысшы мамандықтар. Бұған қоса жұмысшыларды қайта оқыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып келеді.