Астанадағы LRT 2025 жылы іске қосылуы мүмкін
Келер жылдың соңына дейін LRT құрылысы аяқталып, іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің осы жеңіл рельсті көлік желісін салу жұмыстарын тексеруі барысында айтылды. Олжас Бектеновке «City Transportation Systems» төрағасы мен қала әкімі Жеңіс Қасымбек, жобаның іске асырылу деңгейін баяндады.
LRT-ның жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым. Оған 18 стансы кіреді. Қазір 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланған. Ал жобаның құрылысына бірқатар қытайлық жетекші компания тартылып отыр. Олар көлік желісінің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтудағы байланыс, дабыл және автоматтандыру жүйелерін реттеуге қатысады.