Елімізде ТҮКШ пен құрылыс саласын дамытуға ₸480 млрд бөлінеді

Елдегі құрылыс саласы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға 480 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Бұл туарлы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Дәлірек айтсақ, қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 100 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына шамамен 93 млрд, жылумен қамту жүйелеріне 67 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ ведомство, алдағы уақытта ауыл тұрғындарының 98%-ін таза ауызсумен қамтамасыз етуді көздеп отыр.