Қарасай ауданында мереке қарсаңында 10 отбасы баспаналы болды

Алматы облысы Қарасай ауданында 10 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24kz.

Пәтер кілттері мүгедектігі бар көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы жанұяларға берілді. Баспана мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінен салынды. Анар Сақтағанова үй кезегінде 10 жылдан бері тұрған. Осындай шаттыққа толы қуанышты сәтті асыға күткенін айтады.

Анар Сақтағанова, Қаскелең қаласының тұрғыны:

- Осы үйді 10 жыл күттік. Енді араманымызға жеттік, тура 25 қазан күні үйді алып отырмыз мейрамға қарсы. Рахмет көптен-көп. Осы үйде өсіп-өніп, көбейейік.

Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:

- Құдай бұйыртса, бұл жұмыс әрі жалғасып, жылдың аяғына дейін әлі 50 пәтерді тапсыратын боламыз. Жылдың бірінші жартыжылдығында біз 30 пәтердің кілтін тапсырған болатынбыз.