Ұлытау жұрты Республика күнін кеңінен тойлады

Республика күнін Ұлытау облысының жұртшылығы да кеңінен тойлады.

Салтанатты шара барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына айрықша үлес қосып жүрген азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Облыс бойынша Республика күніне орай бірқатар шара өтті. Тұрғындарға баспана кілттері табысталып, ескерткіштер ашылды. Ал Жезқазғандағы мәдениет үйінде еңбек ардагерлері, түрлі кәсіпорын қызметкерлері, аудан-қала тұрғындары қатысқан салтанатты шара өтті. Аймақ басшысы Дастан Рыспеков өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, экономикадағы  жетістіктерге әркімнің қосқан үлесі бар деді. 

Дастан Рыспеков, облыс әкімі:

- Облысымыз жақын жылдары одан әрі қуатты өңірлердің біріне айналатынына сенімдемін. Өйткені біздің өңірдің топырағында рух, сенім, жігер дәні жатыр. 

Салтанатты жиында бір топ адам мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мәдениет, білім, ғылым, медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері бар. «Ұлытау облысының құрметті азаматы» және «Алтын алқа» атағы берілді. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов «Парасат» орденіне ие болды. 

Береке Көшенов, ҚР Еңбек сіңірген артисі:

- Осы еліміздің көзінің алдында да, жүрегінде де, халықтың көңілінде де жүргенім осы халықтың аялы алақынының арқасы. Халқыма көп ризашылық. Менің өзім енді естіп жатырмын ғой осы атақ-абыройға осы біздің қаланың ардагерлер кеңесі, сосын тағы да қосымша адамдар 67 адам қол қойып, менің осы атақ алуымды сұраған екен. 

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. «Ұлытау» этно-рок тобы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар басқа да қазақ эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Данияр Сұлтанұлы, Елизавета Шалина, Нұрбол Үздікбаев