Белград мұнарасында көк туымыздың бейнесі желбіреді
Қазақстанның ұлттық мерекесі Республика күнімен сербиялықтар да құттықтады, деп хабарлайды 24KZ. Сербия астанасының нышаны саналатын «Белград мұнарасы» атты шыны ғимараттың бір қапталында көк туымыздың бейнесі желбіреді.
Биіктігі 168 метр болатын нысан осыдан 10 күн бұрын ғана ашылған. Ғимаратта 5 жұлдызды қонақүй мен бизнес орталықтар орналасқан.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі маңызды серіктестерінің бірі.