Сеул мэриясы Қазақстан туының түсіне боялды
Сеул қаласының әкімдігі бүгін Қазақстан туының түсіне боялды, деп хабарлайды 24KZ. Кешкі 8-ден 10-ға дейін әкімдік ғимаратының терезелері көк және сары түстермен жарқырады. Осылайша, Сеул билігі Республика күніне орай Қазақстанға құрмет көрсетті. Оңтүстік Корея астанасында мұндай шара екінші рет өткізіліп жатыр.
Бүгін қалалық әкімдік ғимаратының жанында қазақстандық студенттер мен Сеулдегі қазақ диаспорасының өкілдері флешмоб өткізді. Олар Қазақстан туымен фотосессия ұйымдастырды.
Камила Шәмен, студент:
- Қазақ болғаныма өте мақтанамын. Қазағымыздың, Қазақстанымыздың көк туы желбіреп, гүлдене берсін.