Премиум санаттағы ROX бренді Қазақстанда сатылымға шығады
Қытайлық премиум санаттағы көліктердің ROX 01 бренді Қазақстанға да келді. Су жаңа модельдер қараша айының соңында сатылымға шығады. Жол талғамайтын көліктердің біздің елдегі ресми дистрибьюторы – DOSCAR компаниялар тобы.
ROX 01 бренді көптеген елде танымал. Толық өлшемді жол талғамайтын көліктің дизайнын әлемге әйгілі итальяндық Pininfarina дизайн студиясы әзірлеген. Жайлы әрі жоғары технологиямен жабдықталған көліктің сапасы әлемдік стандартқа сай.
Дулат Шөкенов, ROX MOTOR Qazaqstan компаниясының директоры:
- ROX 01 екі конфигурацияда ұсынылған – 7 орындық және 6 орындық VIP. Жаңа бренд гибридті қуат қозғалтқышына ие. Жол талғамайтын көлік қаланың қарбалас ағымында ғана емес, сонымен қатар бүкіл отбасымен табиғатқа шығуға да өте ыңғайлы.
Қытай көліктерінің жаңа бренді қазақстандықтар үшін DOSCAR компаниялар тобының арқасында қолжетімді болып отыр. Компания жақында Шанхай қаласында ROX MOTOR премиум жол талғамайтын көлік өндірушісімен дистрибьюторлық келісімге қол қойды.
Дулат Шөкенов, ROX MOTOR Qazaqstan компаниясының директоры:
- ROX 01 қазақстандық автоәуесқойлардың көңілінен шығатынына сенімдіміз, өйткені Қазақстанда, сондай-ақ әлемде электромобильдердің танымалдығы артып келеді. Сонымен қатар көлік үлкен, заманауи және технологиялық тұрғыдан дамыған.
Ең ірі автокөлік дилерлік желілерінің бірі саналатын DOSCAR компаниялар тобының портфолиосында Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Škoda сияқты брендтер бар. Енді компанияның ресми дилерлік орталықтары Қазақстан аумағында ROX 01 автокөліктеріне сервистік және кепілдік қызметтердің толық көлемін ұсынады.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Джакупов.