Алматыда мерекелік дрондар шеруі өтті

Республика күнінде Алматыда дрондар шеруі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Бір мезетте 500 дрон жоғары көтеріліп, түнгі аспанды тамаша көрініске айналдырды. Жарық қондырғылары ұлттық мәдениетті және ел тарихындағы маңызды сәттерді 3D форматта бейнеледі. Қазақстанның картасынан басталған бейнелер қатары Мемлекеттік ту, киіз үй, домбыра, Алтын адам мүсіндерімен жалғасты.

Ғажайып көріністі «Үш қоңыр» этно-фольклорлық ансамблі, ұлтты бірлікке үндейтін, рухты көтеретін музыкалық шығармаларымен сүйемелдеп жатыр. Дрондар шеруін көруге келген қала тұрғындарының қарасы қалың. Олар әдемі көріністі әлеуметтік желілерде жарыса бөлісті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дрондар шеруі, мерекені тойлаудың инновациялық тәсілі болып саналады.