Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Анталияда Қазақстанның тұмса табиғаты мен көркем жерлері таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ. Халықаралық көрмеде Түркістанның рухани әрі мәдени жерлері жайлы ақпарат беріліп, түркі әлемінің тал бесігі – Түркістан шаһары жан-жақты көрсетілді.
Сондай-ақ Маңғыстаудың, соның ішінде Маңғышлақ түбегінің ерекше табиғи ландшафттары мен ашық ауада әуесқойлар үшін танымал бағыттар ретінде айбынды каньондар мен шөлдерінің бейне роликтері көрсетілді. 35 елден 25 мыңнан астам туризм секторы мамандары Атажұрттағы этно әрі экотуризмнің ерекшеліктеріне қызығушылық білдірді.
Хусейн Доған, туристік агент:
- Бұл көрмені туризм саласында биыл өткен ең ірі іс-шара десе артық айтқанымыз емес. Мұнда жергілікті және шетелдік демалыс орындарымен танысуға мүмкіндік алдық. Әсіресе Орталық Азия елдеріндегі жаңа бағыттармен таныстық. Қазір қазақстандық әріптестерімізбен бағыттар бойынша келіссөздер жүргізіп отырмыз. Туристер көбіне ешкім бармаған жерге барғысы келеді. Олардың көңілін табамыз деп ойлаймын.