Өңірлерде туристер ағыны артты

Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің дерегі бойынша биыл жарты жыл ішінде біздің елге 6,9 млн-нан астам адам келген.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп.

Ал ел ішіндегі туристер санына келсек, Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес бірінші жартыжылдықта елдің басым бөлігі - 523 мыңдай адам Алматыға барған. Астанаға 400 мыңға жуық турист келген. Өңірлер бойынша Алматы облысына барғандар саны 201 мың 757, Ақмола 185 мың 500, Маңғыстау 139 мың 439 адам. Сондай-ақ саяхаттаушылардың 134 мыңы Шығыс Қазақстан, 153 мыңы Шымкент қаласына барған.