Қайтарылған активтер есебінен Алматыда мәдени орталық салынады

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Алматыда заманауи Мәдениет орталық салынады.

Бұл туралы Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті хабарлады. Ғимараттың шаршы метрін 3 мыңнан асыру көзделген. Онда арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдары, білім беру мен демалыс орындары қарастырылады. Сондай-ақ қайтқан активтер есебінен Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталады. Жалпы 12 миллиард теңгеге осындай әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Негізі бұған дейін Мемлекет басшысы мемлекетке қайтарылған қаражаттар әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға жұмсалуы қажеттігін айтқан еді.