Қ. Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге ₸100 млн пара сұраған күдіктіге қатысты сот отырысы. LIVE

Қ. Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге ₸100 млн пара сұраған күдіктіге қатысты сот отырысы. LIVE

Астанада Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп ата-анасынан 100 млн теңге пара сұрады деп күдікке ілінген Людмила Грачеваға қатысты кезекті сот отырысы басталды. Оған бірнеше айып тағылып отыр.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Сот отырысы сағат 15:00-де басталды. Айыпталушы Людмила Грачева қорғаушысымен бірге отырыс залына бірінші болып келді. Бірақ айыпталушының өтініші бойынша оларды фото, видеоға түсіруге болмайды. Тек залда болғанда байқағанымыз, айыпталушы Людмила Грачева отырысқа келген қобалжып тұрды. Оның көзіне жас алып, жылағанын да байқадық. Айта кетейік, бүгін оған қатысты сот үкімі шығады.

Отырыс Людмила Грачеваның соңғы сөзінен басталды. Соңғы сөзінде сотталушы оған тергеушілер тарапынан психологиялық қысым көрсетілгенін айтты. Ол кішкентай камереда 24 сағат бойы бейне бақылауда отырғанын хабарлады. Сондай-ақ Людмила Грачева өзін детектермен тексеруді талап еткенін, бірақ бұл өтініштің орындалмағанын да айтты. Соңында сотталушы оның кінәсі дәлелденбегенін қайталап өтті. Соңғы сөзінде Людмила Грачева алқа билер сотынан оны ақтауды сұрады.

Еске салайық, бұған дейін 17 қазанда өткен жарыссөзде прокурор Азамат Тоқтарбай Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп ата-анасынан 100 млн теңге пара алды деп айыпталған Людмила Грачеваны 11 жылға қамауды сұраған.

Прокурор Азамат Тоқтарбайдың айтуынша, Грачева Бишімбаевтың анасына алқа билерді сатып алуды ұсынып, қылмыс жасауға итермелеген. Мұны материалдардың филологиялық сараптамасы көрсетті. Осыған байланысты прокурор өткен отырыста Людмила Грачеваны «ірі көлемдегі алаяқтық», «қылмыс жасауға дайындалу» бойынша 5 жылға, «ірі көлемде пара беру», «арандату» бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал сотталушының мүддесін қорғап жатқан адвокат Оксана Шевченко Людмила Грачеваны толық ақтауды сұрады. Грачеваның өзі де кінәсін мойындамай отыр.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы ZOOM арқылы отырысқа қатысты.