Еріктілер асылтұқымды иттерді құтқаруға кірісті

Волонтерлер асыл тұқымды иттерді құтқаруға кірісті. «Хатико» фильмінен соң Қазақстанда жапонның акита-ину және сиба-ину тұқымына жататын ит асырайтындар көбейген. Бірақ олар жеткілікті көңіл бөліп, дұрыс бақпайды. Оған қоса жағдайды заңсыз ит сататындар қиындатып жіберген.

Олардың мақсаты ақша табу ғана. Сатып жібергеннен кейін ит қалай бағылып жатқанына алаңдамайды. Волонтерлар осылай деп дабыл қағып отыр.  «Шиба-Хелп» волонтерлық ұйымы иесіз қалған иттерді тауып, арнайы орындарға өткізеді, емдейді. Вакцина мен чип салады. 4 жылдың ішінде 75 итті жаңа қожайындарына берген.

Волонтёрлер алдымен ит асырап алушылармен сауалнама жүргізеді. Бейнеқоңырау арқылы тұрғын үй жағдайын көргеннен кейін ғана итті бағуға береді.

Динара Жақыпова, волонтёр:

- Сату үшін бағатындар итке дұрыстап қарамайды. Оларға көбейтіп, ақша тапса болды. Арзанға береміз деп хабарландыру беріп, елді қызықтырады. Олар үшін бұл – кәсіп. Бірақ шындап келгенде асылтұқымды иттер 30-40 мың, қала берді 50 мың теңге тұрмайды. Кейбір тұрғындар бағасы арзан екен деп алады. Бірақ ары қарай қарағысы келмей, далаға тастап кетеді. Итті аларда жауапкершілікті сезіну керек деп ойлаймын.