Ақмола облысында 600-ге тарта азаматтың құқығы қорғалды
Ақмола облысында 588 өңір тұрғыны мен кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды 24KZ. Мемлекеттік қызмет істері департаментіне субсидия бойынша және тиісті жер телімін ала алмау, тұрғын үйлерді жекешелендіруге қатысты бірқатар шағым түскен. Құзырлы орган өкілдері азаматтардың уәжін тыңдап, растады.
Нәтижесінде 4 шаруаға 110 миллион теңгеден астам субсидия төленді. Ал 47 азаматқа қажетті жер телімі берілді. Осы ретте 38 әкімшілік іс қозғалып, 35 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нұрсұлтан Шытырынбек, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:
- Мемлекеттік көрсетілетін саласындағы заңнаманың ең үлкен жаңашылдықтарының бірі – ол шағымды күтпей-ақ, қашықтықтан бақылау жүргізу арқылы қызмет алушылардың құқығын қамтамасыз ету. Мысалы, ондай қызмет нәтижесінде 517 адамның құқығы қорғалған екен. Ол көбінесе жер қатынастар саласында.