Қ. Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел 10 жылға сотталды
Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынып, оның анасымен кездескен Людмила Грачева 10 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ. Ол 100 млн теңге пара сұраған. Қылмыстық іске қатысты Астанада өткен сот отырысында осындай үкім шықты.
Алқабилер соты әйелді «аса ірі көлемдегі алаяқтық» және «ірі көлемде пара беру», «арандату» баптары бойынша кінәлі деп таныды. Соңғы сөзінде сотталушы кінәсін мойындамады және алқабилерден өзін ақтауды сұрады. Бірақ сот Людмила Грачеваны 10 жылға бас бостандығынан айырды.