Түркістанға жыл басынан бері 734 мыңға жуық адам барды

 Ер түріктің бесігі – Түркістан туристер үшін тартымды қала. Жыл басынан бері киелі шаһарға 734 мыңға жуық адам табан тіреген, деп хабарлайды 24kz.

Олардың дені «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына барып, тәу еткен. Сондай-ақ «Отырар» қорық музейін тамашалаушылар жетіп артылады. Жалпы киелі шаһар тарихи һәм тылсым орындарға бай. Өңірде 1780 мемлекет қорғауындағы нысан бар. Оның біреуі халықаралық маңызы бар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бұдан бөлек, 40 республикалық, 403 жергілікті маңыздағы ескерткіш есепте.