Елімізде биыл 12 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл елде 12 мың шақырым жолды жөндеу және реконструкциялау жоспарланған, деп хабарлайды 24kz.

Бұдан бөлек, құрылысы ұзаққа созылған бірнеше ірі жобаларды аяқтау міндеті тұр. Жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым, оның 25 мыңы республикалық, қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдар. Көлік министірлігінің ақпары бойынша «Биылғы 12 мың шақырымдық меже – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Оның ішінде жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті жолдар.